Whatsapp-қа кіре алмауыңыз мүмкін

Whatsapp-қа кіре алмауыңыз мүмкін
Сурет: ІXBT.com

IOS және Android бағдарламасының ескі нұсқасы қолданылып жүрген смартфондарда ол істемейтін болады.

WhatsApp мессенджеріне 1 қарашадан бастап миллиондаған адам кіре алмауы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Осы орайда WhatsApp олардың иелеріне құрылғыны жаңартуды немесе жеке деректерді қалдыру үшін чат тарихын сақтап отыруды ұсынады. Бұл мессенджер жұмысын тоқтатқан кезде қолданушы үшін тиімді болады.