ҰҚШҰ Бас хатшысы қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты

ҰҚШҰ Бас хатшысы қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Иманғали Тасмағамбетов "Крокус Сити Холл" ғимаратында болған теракт туралы айтты.

ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Мәскеу облысындағы Крокус Сити Холлда болған терактіде қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Мәскеу облысындағы Крокус Сити Холл концерт залында орын алған адамгершілікке жатпайтын лаңкестік әрекет туралы терең өкінішпен білдік. Қайғылы оқиға жүрегімізді сыздатты. Теракт салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тауып, жазықсыз адамдар жараланды. Біз бұл қатыгез, ақтауға келмейтін қылмысты қатаң айыптаймыз. Біз сіздермен бірге қатты қайғырамыз. Жеке өз атымнан және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Хатшылығының атынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіруге рұқсат етіңіздер", деп жазды Тасмағамбетов Telegram-да.