Елімізде 3 мыңдай Наурызбай бар

Елімізде  3 мыңдай Наурызбай бар
Сурет: gov.kz

241 Наурызгүл есімді  адам  да Қазақстанда тұрады.

Бірінші несие бюросының сарапшылары неше отандасымыздың есімі осы мерекеге байланысты екенін есептеп шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстанда Наурыз есімімен 1 472 адам тұрады, ал жетеуінің аты Наурыза», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар көптеген қазақстандық көктемнің басты мейрамымен байланысты есімдерді алып жүр:

Наурызбек – 3206 адам;

Наурызбай – 2940 адам;

Наурызхан – 272 адам;

Наурызгүл (орфографиялық өзгерістерді қосқанда) – 241 адам;

Наурызжан – 51 адам;

Наурыз-Мейрам – 1 адам.

Ұлттық статистика бюросының «Мен сияқты неше адам бар?» қызметін пайдалана отырып зерттеуге қатысып, өз есіміңізді енгізіп, елде қанша аттасыңыз барын біле жүріңіз!