Көпбалалы аналар енді өмір бойы жәрдемақы алады

Көпбалалы аналар енді өмір бойы жәрдемақы алады
Сурет: Nur.kz

1 шілдеден бастап Әлеуметтік кодекске «марапатталған аналар» ұғым енгізіледі.

Бұл мәртебе «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталған әйелдерге беріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мұндағы мақсат - көпбалалалы аналардың еңбегін құрметтеу. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі мәлімдеді. Бала тәрбиелеп, өсіріп отырған аналарға төленетін жәрдемақы 1 шілдеден бастап өмір бойына тағайындалады. Көлемі 7,4 айлық есептік көрсеткішке тең немесе 25 530 теңге.