Жетісу облысында төрт адам жол апатынан көз жұмды

Жетісу облысында төрт адам жол апатынан көз жұмды
Сурет: скриншот

Апаттан зардап шеккен бесеуі ауруханаға жатқызылды.

Алматы-Өскемен тас жолының 336-шақырымында екі Lada Priora және Toyota Windom көлігінің қатысуымен болған жол апатынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Полицияның мәліметінше, Lada Priora жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota Windom көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан Lada Priora жүргізушісі, оның екі жолаушысы, сондай-ақ Toyota Windom көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен бес адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің жеке тұлғалары анықталуда.