Мәскеудегі қазақстандық студенттер аман

Мәскеудегі қазақстандық студенттер аман
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Олар теракт кезінде зардап шеккен жоқ.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі  Саясат Нұрбек осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Министрліктің мәліметінше, барлық стипендиаттар байланысқа шыққан.

«Бүгінгі таңда Ресейде «Болашақ» және «500 ғалым» бағдарламасы бойынша 32 қазақстандық білім алады екен. Ал 24 стипендиат Мәскеуде. Олардың ешқайсысы зардап шекпеген. Барлық стипендиаттар байланысқа шықты», - делінген министрлік  таратқан хабарламада.