ЕЭК басшысы Сағынтаев қаза болғандардың отбасына көңіл айтты

ЕЭК басшысы Сағынтаев қаза болғандардың отбасына көңіл айтты
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Сондай-ақ ол барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев ЕЭК атынан және жеке өзінің атынан Crocus City Hall концерт залында болған лаңкестік әрекетте қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Біз ондаған адамның өмірін қиған бейбіт тұрғындарға қарсы жасалған лаңкестік актіні қатаң айыптаймыз. Қайғылы оқиғаға байланысты қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Ресей халқына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз", деді Бақытжан Сағынтаев.