Алматы мен ЕО-тың ынтымақтастығы артуда

Алматы мен ЕО-тың ынтымақтастығы артуда
Almaty-akshamy.kz

Мегаполис әкімі Б. Сағынтаев Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы К. Янкаускасты қабылдады.

Кездесу барысында Бақытжан Сағынтаев Кестутис Янкаускаспен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және инвестиция тарту, сондай-ақ адами капитал мен қалалық ортаны дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҚР мен ЕО арасындағы қарым-қатынастың құқықтық негізі 1999 жылдың шілдесінде күшіне енген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім болып табылады. Сондай-ақ, 2015 жылдың 21 желтоқсанында кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге (КСЫК) қол қойылған болатын, бұл келісім ҚР мен ЕО арасындағы қарым-қатынастың одан әрі жан-жақты дамуына ықпал етуге арналған. 2016 жылдың 25 наурызында ҚР Президенті КСЫК ратификациялау туралы заңға қол қойған еді.

ЕО – Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі. Өткен жылы ЕО Қазақстанның сыртқы сауда айналымының төрттен бірінен астамын (28%) және біздің республиканың экономикасына тартылған шетелдік капиталдың жартысынан (47%) құрады.

2020 жылға Қазақстан мен ЕО арасындағы жалпы тауар айналымы 85 млрд долларды құрады, бұл жағдайда ЕО-ның үлесі жалпы тауар айналымының 28 пайызын құрады. 2020 жылы Қазақстан 17 миллиард доллар тікелей инвестиция тартты, онда ЕО үлесі 47 пайызды құрады. Инвестицияның негізгі бөлігі Нидерландыда, Францияда, Германияда және Люксембургте.