Алматыда түнгі клубтағы ұрлықтың беті ашылды

Алматыда түнгі клубтағы ұрлықтың беті ашылды Сурет: Polisia.kz

Бұл көбінесе ұялы телефондарға қатысты


Алматыда түнгі клубта елдің мүлкін тонап келген ұры ұсталды, – деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.



Ойын-сауық мекемелеріндегі ұрлық дерегін Медеу ауданының полиция қызметкерлері анықтады. 
– ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 21 жастағы О. есімді азамат ұсталды. Тергеу анықтағандай, ол адам көп жиналатын орындарды таңдаған: түнгі клубтар, лаунж-барлар, караоке клубтары. Қонақтардың ән айтуға немесе би билеуге кеткенін күтіп, кейіннен олардың мүлкін ұрлап кеткен. Бұл көбінесе ұялы телефондарға қатысты. Тергеудің қазіргі кезеңінде күдіктінің осыған ұқсас үш эпизодқа қатыстылығы анықталды, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев. 



Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Осыған байланысты олар азаматтарды күдіктінің суретіне мұқият қарауға шақырады. 



– Егер, сіз оның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен болсаңыз, бізбен мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 8(727) 254-48-02; 254-48-10; 8-702-476-66-60, – деді Өтебаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12