Десанттық-шабуылдау әскері қаруланған топтың көзін жойды

Десанттық-шабуылдау әскері қаруланған топтың көзін жойды
Сурет: Baribar.kz

Бұл – құрлық әскерінің оқу-жаттығуы болатын.

Әскерилердің дайындығын тексеру ертең аяқталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстанның десанттық-шабуылдау әскері Алматы облысындағы «Көктал» тау полигонында қаруланған топтың көзін жойды. Бұл жаттығу кезінде әскерилердің әзірлігі әрі бейтаныс жерде шапшаң әрекет ету қабілеті тексерілді.

Жалпы, әскери оқу-жаттығу елдің бірқатар полигонында жүргізілді. Ақтау, Алматы, Шығыс Қазақстан мен Қызылорда өңірінде орналасқан құрлық әскерінің құрамалары Төтенше жағдай министрлігі, Ішкі істер мен Ұлттық қауіпсіздік қызметімен өзара іс-қимылы пысықталды.

Әскерилердің дайындығын тексеруге 9 мыңға жуық жеке құрам жұмылды. Сонымен бірге 3 мыңнан астам қару-жарақ пен әскери техника, оның ішінде 66 ұшу аппараты мен 8 әскери кеме жаттығу ісіне қосылған.