Мәскеудегі оқиғада қазақстандықтар туралы мәлімет жоқ

Мәскеудегі оқиғада қазақстандықтар туралы мәлімет жоқ
Сурет: gov.kz

Сыртқы істер министрлігі осындай мәлімдеме жасады.

Мәскеудегі Крокус Сити Холлдағы лаңкестік әрекетте қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғы туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

"Қазір егжей-тегжей анықтап жатырмыз. Мәскеудегі елшілік жергілікті билікпен және тиісті қызметтермен байланыста. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы туралы ақпарат түспеді. Қосымша ақпарат белгілі болған кезде береміз. Елшілікте қазір 8 (925) 897-71-14 сенім телефоны жұмыс істейді", - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.