Биыл 20 жылдан бері болмаған жылы қыс болады

Биыл 20 жылдан бері болмаған жылы қыс болады
Сурет: 24tv.ua

Биылғы қыс ерекше жылы болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Синоптиктер бұл мүлде аномалия емес деп отыр. 

«Қазақстанда биыл қыс ерекше жылы болады. Мұндай қыс 20 жылдан аса уақыттан бері болмаған. Алайда, бұл мүлде аномалия емес. Консультативтік-маусымдық ауа райы болжамына сәйкес, 2023-2024 жылдардағы қыс 2001-2002 жылдардағы қыстың сценарийіне сәйкес келеді. Яғни жауын-шашын нормаға жақын немесе одан да көп болады», – деп атап өтеді Қазгидрометтен.

Мекеме мәліметінше, суық кезеңде республика аумағында Атлантикалық аймақтардан жылы және ылғалды ауа массаларының жиі қозғалуы күтіледі. Алдағы қыста Қазақстан аумағында температуралық фон 1-2 градусқа жоғары болады деп болжанған. Тек желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық норма шегінде, ал елдің солтүстігі мен шығысында нормадан бір градусқа төмен болатыны күтіледі.