Жуырда олимпиадашыларымыздың формасы таныстырылады

Жуырда олимпиадашыларымыздың формасы таныстырылады
Сурет: Оlympic.kz

2022 жылғы Бейжің Олимпиадасына қатысатын Қазақстан құрамасының олимпиадалық экипировкасын дайындауға бір жылдан аса уақыт кетті.

Ұлттық Олимпиадалық комитеттің дерегінше, форманың таныстырылымы осы аптада өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ұсыныстар мен кеңестерді жинақтау 2021 жылдың басында жүзеге аса бастады. Процеске ең басты қатысушылардың бірі – спортшылардың өздері болатын. Олар спорттық экипировканың дизайны, сапасы мен функционалы туралы өз ұсыныстарын айтты.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті көптеген сұрақтарды шешу барысында атлеттердің пікіріне құлақ асатынын тағы да дәлелдеді. Бұл жолы дизайнды таңдау және олимпиадалық форманың жиынтығын дайындауда спортшылардың ұсыныстары назарға алынды. 

«Бірінші кезекте қолдануға жеңіл болғаны қажет. Әрине, командамыздың стильді болғанын да қалаймыз. Біз үшін сапа мен жайлылық та маңызды. Осы орайда, киімнің жылы болғанын да ескеру керек», - деді шорт-тректен Қазақстан командасының көшбасшысы Абзал Әжіғалиев

 

«Осыдан бір жыл бұрын, Алматыдағы әлем кубогі аяқталған соң, бізге спорттық форманың түрлі нұсқалары мен дизайнын көрсетті. Кішігірім детальдар мен түсін таңдауға қатысты да біздің пікіріміз бен тілегімізді сұрады. Олимпиадалық экипировка әрбір атлет үшін өте маңызды. Өйткені, ойын кезінде біздің қай командаға тиесілі екенімізді дәл осы спорттық киім арқылы анықтайды. Ешкім күнделікті киіммен жүрмейді, бәріміз де ұлттық құрама формасын киеміз. Жазғы ойындардағы форма барлығына ұнады, қысқы Олимпиаданың эпикировкасы да көңілден шығады деп ойлаймын. Әдемі болатыны сөзсіз», - деді фристайл-акробатикадан Қазақстан командасының үздігі Жанбота Алдабергенова.