Қазақстанда шағым айтатын тұтынушылар саны артқан

Қазақстанда шағым айтатын  тұтынушылар саны артқан
Сурет: Inform.kz

Үкімет олардың құқығын қорғауға дайын.

Жыл басынан бері Қазақстандағы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне 12 мыңнан астам өтініш келіп түскен, олардың өсуі өткен жылмен салыстырғанда шамамен 140%-ды құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Өңірлік департаменттерге күн сайын халықтан жосықсыз кәсіпкерлерге қатысты шағымдар түседі. Осылайша, сауда мәмілелеріндегі сатып алушының осал тарап болып шығуы жиі кездеседі», - делінген Сауда және интеграция министрлігінің бапасөз қызметінің хабарламасында.

Статистикаға сәйкес, шағымдардың көпшілігі бөлшек сауда, тұрмыстық қызметтер, электрондық коммерция туралы айтылады.

Егер бизнесмендер сатып алу-сату процесінде заңда белгіленген міндеттемелерді орындағысы келмесе, адамдар мемлекеттік органға көмек сұрайды.