Алматылық мейрамханалар үздік атанды

Алматылық мейрамханалар үздік атанды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Алматыда халықаралық «WHERETOEAT Kazakhstan» премиясының салтанатты рәсімі өтті.
Almaty Theatre ғимаратында «Wheretoeat» халықаралық  мейрамхана сыйлығының еліміздегі тұңғыш салтанатты табыстау рәсімі өтті. Салтанатты рәсім барысында Қазақстандағы үздік 50 мейрамханасының рейтингі жарияланды. Сондай-ақ, «Жылдың бас аспазы», «БАҚ таңдауы», «Қазақ тағамдарының үздік мейрамханасы» және өзге де арнайы номинациялардың лауреаттары марапатталды.


- «Wheretoeat» мейрамхана сыйлығы – әлемге әйгілі Where Magazines International медиа тобының жобасы. Медиа қауымдастықтың ең танымал өнімі – «Where» журналы. Ол «Where London», «Where Paris», «Where Moscow» сияқты атпен әлемдегі ең үлкен қалаларда басылып шығарылады.
Біз биыл премияны халықаралық деңгейге шығарып, «WHERETOEAT Kazakhstan» сыйлығын табыстауды жөн көрдік. Ол үшін 2 айға жуық жергілікті сарапшыларды іздедік. Сарапшылар құпия түрде мейрамханаларға барып, оларды бағалап көрді. Сарапшылардың бағасы негізінде біз рейтингті жарияладық, – деді «Wheretoeat» премиясының атқарушы директор Алексей Дудин.

Қазақстандағы үздік мейрамханалардың ТОП-10 рейтингі келесідей болды:
1. «Огонёк», Алматы;
2. Selfie, Астана;
3. AUYL, Алматы;
4. La Barca Fish & Wine, Алматы;
5. «Афиша», Алматы;
6. RAW, Алматы;
7. «Хороший Год», Алматы;
8. Percorso, Алматы;
9. Qazaq Gourmet, Астана;
10. Cheeseria, Алматы.


Сондай-ақ, «Қазақ тағамдарының үздік мейрамханасы» атты арнайы номинацияны «Sandyk» мейрамхана иеленді. Үздік мейрамханалар рейтингін премияның әлеуметтік желілерінен толық көруге болады. Шараға "Аlmaty-akshamy.kz" және "vecher.kz" сайттары ақпараттық қолдау көрсетті.