Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Ашық дереккөз

Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

«24 қараша күні Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау және Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», - делінген синоптиктер мәліметінде.

Еліміздің өзге қалаларында ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.