Елдегі гидротехникалық құрылыстардың жартысына жуығы апатты жағдайда

Елдегі гидротехникалық құрылыстардың жартысына жуығы апатты жағдайда
inform.kz

Сенат депутаты Сергей Ершов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Нысандар өткен ғасырдың 60-70 жылдары салынған. Сәйкесінше, оларды жөндеу керек, тіпті жаңғырту артық етпейді. Үкімет Президент тапсырмасымен Су кодексінің жобасын әзірлеуі тиіс.

"Қолданыстағы құжат су ресурстарын сақтауға және оларды тиімді пайдалануға мүмкіндік бермейді", - дейді депутат. Оның сөзінше, жауаптылар өз есептерінде елдегі су қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатқанын айтады. Алайда жағдай керісінше болып тұр. Оған Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы жағдай дәлел.