Алматыда сәуірден бері Ashyq-та «қызыл» мәртебесі бар 387 тұрғынға айыппұл салынды

Алматыда сәуірден бері Ashyq-та «қызыл» мәртебесі бар 387 тұрғынға айыппұл салынды
almaty-akshamy.kz

Алматыдағы Ashyq жобасының арқасында 28 сәуір мен 15 тамыз аралығында қалада «қызыл» мәртебесі бар 387 тұрғынға айыппұл салынды. Олардың барлығы коронавирус жұқтырған және оқшаулау режимін бұзған. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында айтты деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, Алматыда Ashyq жобасына 6486 қатысушы бар. Тағы 5 541 нысан ерікті түрде қатысуда. Ashyq көшбасшылары - 105 нысан. Жауапкершілігі төмен 362 қатысушы жобадан шығарылды.

Жандарбек Бекшин Ashyq бұзушы нысандар туралы кеңінен айтты.

 «9-13 тамыз аралығында монитроинг топтары жүргізген тексерулер кезінде Ashyq жобасында жұмыс жасайтын кәсіпкерліктің 23 субъектілерінің шектеулі карантиндік талаптарды бұзғаны анықталды, бұл бақылаудың жеткіліксіз екенін көрсетеді», - деді  мегаполистің бас дәрігері.
 
Алматыда 29 шілде мен 5 тамыз аралығында Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлік нысандардың кіреберісіндегі сканерлеу нәтижесінде 1239 тұрғын «қызыл», 194 тұрғын «сары» мәртебеге ие болды.

Сонымен қатар, келушілерді офлайн режимде сканерлеу бойынша әкімшілік шаралар қолданылды. 9-15 тамыз аралығында қалада «қызыл» мәртебесі бар 144 тұлғаға айыппұл салынды.

28 сәуір мен 15 сәуір аралығында Алматы қаласында «қызыл» мәртебесі бар 387 жеке тұлғаға оқшаулау режимін бұзғаны үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.