Әділғазы ҚАЙЫРБЕКОВ, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты: Жаңғырудың жаңа жолы

Әділғазы ҚАЙЫРБЕКОВ, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты: Жаңғырудың жаңа жолы
qazaqadebieti.kz

Өткеннен сабақ алып, болашаққа жоспар құрып, бүгінімізді мазмұнды да мағыналы өткізейік. Президент Қ.Ж.Тоқаевтың наурыз айындағы кезекті Жолдауын зор ықыласпен тыңдап, терең түсініп қабылдау керектігін ұғындым.

Ерекше Жолдау қоғамдағы дағдарысқа жауаптылар, қаңтар қасіретіне кінәлілер жазасыз қалмайтынына, әділеттілік үстемдік құратынына сендірді. Елімізде түбегейлі жаңару, жаңғыруға қарай батыл қадам жасала бастағаны байқалады.

Ел тәуелсіздігінің баяндылығы жолында қуатты мемлекет құрудың алғышарттары жасалуда. Біздің саяси, идеологиялық мұраттарымыз айқын болуы керек. Қазақтың ғасырлар бойы армандап, ұдайы күресіп жүріп қол жеткізген Тәуелсіздігін бәрінен биік қоюымыз керек. Ұлттық мүдде мен мемлекет мүддесі біртұтас ұштасып, еліміздің бірлігін нығайтуға қызмет етуі қажет.

Осы жолдағы Мемлекет басшысы ұсынып отырған барлық реформалық өзгерістер, жаңарту мен жаңғырулар көкейге әбден қонады. Абайдың, Шәкәрімнің, Мұхтардың, Алаш арыстарының ізі қалған, тарихы терең Семей өңірінің Абай облысы болып жаңадан құрылуын тарихи әділеттіліктің қалпына келуі деп қабылдадық. Ұлытау облысы мен Жетісу облысы да халық қалауынан шығып отыр.

Бұл Жолдау жан-дүниемізге Наурыздың нұры болып құйылғандай! Ұзағынан сүйіндірсін!