Ертең Алматыда ат жарыс басталады

Ертең Алматыда ат жарыс басталады Сурет: Almaty-akshamy.kz

Оған ең үздік 70 сәйгүлік қатысады.


1 мамырда Алматы қаласындағы ипподромда Ұлттық спорт қауымдастығы мен Қазақ жокей клубы биыл жылдың алғашқы ат шабысын өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Сайыс әртүрлі қашықтықта 9 түрлі атшабыс бойынша өтеді. Атап айтқанда, олар: «Көктем» жүлдесі (ҚР туған жылқылар үшін), «Көктем» жүлдесі (ашық), «Ашық» жүлдесі (ашық), Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «1 мамыр» жүлдесі, Гандикап жүлдесі (ҚР туған жылқылар үшін), Жасөспірімдерге арналған жүлде (ҚР туған жылқылармен), Гандикап жүлдесі (ашық), Талғат Бигелдинов атындағы жүлде (ҚР туған жылқылар үшін), «Кіріс» жүлдесі.



Аталған 9 түрлі атшабыс 1000, 1200, 1600, 1800, 2000 метр қашықтықта өтеді. Оған 2-4 жас аралығындағы Қазақстанның ең үздік 70 сәйгүлігі қатысады. Көрермендердің назарына «Қыз қуу» және т.б. байқаулар ұсынылады.


Билеттерді ticketon.kz сайтынан онлайн алуға болады. Бағасы – 2000 теңге.


Мекен-жайы: Алматы қаласы, ипподром «Құлагер» шағын ауданы, Омаров көшесі, 10 «а».


Басталуы: 1 мамыр, 2024 жыл, сағат: 15:00-де.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31

12:19