Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД бастығы сотталғандарды қабылдады

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД бастығы сотталғандарды қабылдады Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков №10 мекемеге барып, сотталған әйелдерді жеке өзі қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Жеке қабылдау барысында департамент бастығы әйелдердің өтініштерін тыңдады. Сұрақтар негізінен ұстау шарттарына, медициналық қызмет көрсету және жұмысқа орналасуға қатысты болды. Барлық өтініштер бойынша құқықтық сипаттағы түсініктемелер, толық жауаптар мен ұсынымдар берілді. Проблемалық мәселелерді қарау кезінде белгілі бір шешімдер қабылданып, мекеме әкімшілігі үшін міндеттер қойылды. Жұмыс сапарының нәтижелері бойынша тиімділік талданып, орындалатын міндеттер мен ерекшеліктерді ескере отырып, департаменттің әрбір мекемесі мен бөлімдері үшін ұсынымдар әзірленді.



«Мен ведомстволық бағынысты мекемелерде сотталғандарды жеке қабылдауды апта сайын тұрақты негізде өткіземін. Бұдан басқа, сотталғандарды жеке қабылдау барысында сапалы түсіндіру ақпаратын беру үшін барлық қажетті шаралар жүргізіліп жатыр», – деп атап өтті Қайрат Дәлбеков.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:01

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59