Сандықтың сыры

Сандықтың сыры Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұл көрмеде сандықтың 15-тен астам түрі бар.


Мегаполис төрінен орын тепкен Орталық музейде музей қорындағы сандықтар коллекциясы негізінде «Көненің көзі – сандық» көрмесі ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Сандықтар жасалу материалына, көлемі мен атқаратын қызметіне қарай  жағлан, кебеже, абажа, абдыра, әбдіре, ақырет сандық, қолсандық, шайсандық, ағаш сандық, сүйектелген, оймышты сандық, т.б. деп аталады. Көлемі шағындау және неғұрлым кішкене келетін әржі, бөгіре, бөгіребас, жағдан, текшесандық деген түрлері де бар.




Аталмыш көрмеге осындай атауларға ие 15-тен астам сандық түрі қойылды. Олардың көпшілігі Орталық музей қорындағы ХХ ғасырды қамтитын және әр жылдары еліміздің түрлі өңірінен жинақталған сандықтар.


«Көненің көзі – сандық» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ғ.Темиртон құттықтау сөз сөйлесе, Антропология және этнология бөлімінің аға ғылыми қызметкері Рүстембек Шойбеков және Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің «Сәндік өнер» кафедрасының оқытушысы, ағашты көркемдеу өңдеу шебері Ерназар Әнуарбекұлы сандық жасау өнерінің ерекшелігін атап өтті.


Көрме ұлттық дәстүрі мен халқының мәдениетін терең танығысы келетін әрбір азаматқа құнды ақпарат берері сөзсіз.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31