Үлкен жетілік елдері 2030 жылға қарай көмірден толық бас тартпақ

Үлкен жетілік елдері 2030 жылға қарай көмірден толық бас тартпақ Сурет: Azertag.az

Бұл туралы G7 елдері энергетика министрлерінің Туриндегі басқосуында белгілі болды.


Бүгін Үлкен жетілік елдерінің министрлері осы келісімге қол қойып, экономиканы декарбонизациялаудың егжей-тегжейлі жоспарын жариялайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


G7 елдері 2023 жылы көмір электр станцияларынан бас тартуға келіскен, бірақ оның нақты қашан екені анықталмаған болатын.


Биыл G7 төрағасы Италия 2025 жылға қарай Сардиния аралынан басқа жердегі бүкіл көмір электр станцияларын қолданыстан шығаруға ниетті.


Электр энергиясының 26 пайызы көмір электр станцияларының үлесіне тиетін Германия болса, 2038 жылға қарай көмірден толығымен бас тартуды жоспарлап отыр.


2023 жылы БҰҰ-ның Дубайдағы Бүкіләлемдік климат конференциясы елдерді қазба отыннан бас тартуға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38