«Өнегелі ұрпақ»: алматылық ҰОС ардагеріне арманының орындалуына көмектеседі

«Өнегелі ұрпақ»: алматылық ҰОС ардагеріне арманының орындалуына көмектеседі

Алматы қаласының Наурызбай ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Леонид Никитович Подколзин 98 жаста. 17 жасында майданға аттанған ол Германиядағы Жеңіс күнін атап өткен еді. Соғыс кезеңін еске алатын ардагер сол бір қанды майдан жылдарын естен шығарған емес, міне, 40 жылдан бері ол қолжазбалар мен өлеңдерді мұқият сақтап келеді. Ардагердің ең үлкен арманы - кітап шығару, сол арқылы болашақ ұрпаққа мұра қалдыру.


Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Мирас Нысанәлиев атап өткендей, қазір еріктілер ардагер жазған 300-ден астам қолжазбаны баспа форматына әзірлеп, баспаханамен кітапты шығару жөнінде келісім жасау үстінде. Еріктілер ардагерге «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы, сондай – ақ «Алматы-біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында үйін тазартуға көмектесті. Олар ардагердің қоршауы мен шатырын сырлады, үйілген отынды бөлшектеп, ардагердің ауласын ретке келтірді. 



«Біз аудандағы жалғыз ардагерімізге бардық. «Жақыныңа жәрдемдес» акциясы аясында ауданда зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, еңбек ардагерлері тұратын 102 үй таңдалды. Еріктілермен бірге біз оларға қажетті көмектің барлығын көрсетеміз. Сонымен қатар, аз қамтылғандарға азық-түлік себеттерін әкелеміз», - деді Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары. 



Оның айтуынша, жәрдемдесу тек бір реттік акция емес, белсенділер аудан ақсақалдарына үнемі қолдау көрсетіп келеді. Жалғызбасты, аз қамтылған зейнеткерлерге, соғыс және еңбек ардагерлеріне «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аяқталғаннан кейін де жәрдемдесу жалғасатын болады әрі осы шараны іске асыруға бірнеше еріктілер бекітілген. 


Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында қалада «Алматы-біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен тазаруына үлес қоса алады. 



«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» деректеріне сәйкес, Алматыда еріктілер, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдар алматылық зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысы және еңбек майданының ардагерлеріне өз аулаларын ретке келтіруге көмектеседі. Сонымен қатар, бүгінде тұрмыстық қоқыстарды сұрыптау, дұрыс емес қалдықтарды жою бойынша эко-проекциялар жүзеге асырылуда. 



Барлық ақпарат  almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа арнайы QR-код арқылы қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және афишаларда кіруге болады.


Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59