Дәрігерлер қарттардың денсаулығын тексерді

Дәрігерлер қарттардың денсаулығын тексерді Сурет: Almaty-akshamy.kz

Мамандар керек кеңестер беріп, қажетті ем-дом тағайындады.


№10 қалалық емхана мамандары Алматы қаласы «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшылығымен бірлесіп, осы мекеменің аталған емханада тіркелген 306 тұрғынын профилактикалық тексеруден өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


«Шаңырақты» жалғызілікті қарттар, мүмкіндігі шектеулі жандар мекен етеді. Оларға кардиолог, офтальмолог, эндокринолог, маммолог, уролог, невропатолог, инфекционист, хирург және дерматолог дәрігерлер арнайы барып, денсаулығын тексеріп, керек кеңестер беріп, қажетті ем-дом тағайындады.


Орталық тұрғындары №10 қалалық емхана басшылығына, клиникалық диагностикалық көмек беру бөлімінің меңгерушісі Г.Бөгенбаеваға, сондай-ақ іс-шараға қатысқан барлық маман-дәрігердің жұмысына жоғары баға беріп, кәсіпқойлығы, әр пациентке қамқорлығы мен көңіл бөлгені үшін алғысын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31

12:19

12:10

11:47

11:30

10:57

10:06

09:34

09:07