«1414» өтірік айта ма? Келісімсіз келіссөз, «Соғыстан қайтқан солдаттар», 40 градус қырып барады

«1414» өтірік айта ма? Келісімсіз келіссөз, «Соғыстан қайтқан солдаттар», 40 градус қырып барады Сурет: Almaty-akshamy.kz коллажы

Almaty-akshamy.kz сайтында бүгін жарияланған жаңалықтарға шолу – күн керуені




Бетперде тақпайтын болдық



Елімізде бетперде тағу режимінің күші жойылды. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова "Ауа-тамшы жолымен берілетін жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу бойынша профилактикалық шараларды күшейту туралы" 2024 жылғы 8 ақпандағы қаулысының күшін жойды. Құжатта тұмаудың және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың эпидемиялық маусымының аяқталуына байланысты қаулының күші жойылғаны көрсетілген.


 


Қысқарған ЭЦҚ 



Бүгіннен бастап ЭЦҚ өзгереді, енді әдеттегідей 2 емес, бір ғана GOST файлынан тұрады. Ол аутентификация үшін де, қол қою үшін де жарамды. Қазақстанда электронды цифрлық қолтаңба беру тәртібіне қатысты құжатқа енгізілетін өзгерістер 30 сәуірден бастап күшіне енеді. Соған сәйкес, Қазақстан ҚР СТ ГОСТ Р 34.10-2015 криптографиялық стандартына көшеді. Жаңа стандарт аясында қазақстандықтар 30 сәуірден бастап электронды цифрлық қолтаңба алғанда жүйеге кіруге арналған AUTH RSA және қол қоюға мүмкіндік беретін RSA файлдарының орнына бір ғана GOST файлы ұсынылады. Бұл файл аталған екі қызметті де жүзеге асыруға мүмкіндік береді.


 


Алматының  10 жылғы рекорды



Алматыда соңғы 10 жылда экономиканың рекордтық өсуі байқалды. 2023 жылы Алматы қаласының жалпы өңірлік өнімі нақты мәнде 10,1% ұлғайып, 24,8 трлн. теңге болды, бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш.


Мегаполис экономикасының дамуы жоғары инвестициялық және іскерлік белсенділікпен қатар жүрді. 2023 жылы Алматы қаласына 1,8 трлн. негізгі капиталға салынған инвестициялар теңгесі 25,3% өсті, бұл ретте жеке инвестиция 35,5% артты.


 


Келісімсіз келіссөз



Өткен аптада Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қытайда үш күндік сапарда болып қайтты. Блинкен сапары әлем ақпарат құралдары баса назар аударған тақырыптың бірі болды.


Ақ үйдің бас дипломатының сапары кезінде Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Сыртқы істер министрі Ван Имен  жоғары деңгейдегі кездесулер өткізді. Әр елдің сарапшылары бұл жоғары деңгейдегі келіссөз кездесулерінің мәні мен нәтижесін өздерінше түсіндіріп жатыр. Қалай деген күнде де, Америка Құрама Штаттары мен Қытай Халық Республикасы арасындағы ең негізгі мәселелер сол күйінде келісімсіз қалып қойды. Осыдан Бейжің мен Вашингтонның бұл келіспеушіліктерді шешуі мүлде қиындап кеткенін байқаймыз.


 


Тұтқындалған Тұрғымбаев



Бір күн бұрын әлеуметтік желілерде Қазақстанның бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Осыған байланысты бүгін, 2024 жылдың 30 сәуірінде еліміздің Бас прокуратурасы мәлімдеме жасады.


"Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды", деп жазылған Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының хабарламасында.


 


«Соғыстан қайтқан солдаттар»



Жыл санап азайып бара жатыр. Қазақстан бойынша 176 соғыс ардагері ғана қалған. Биыл Жеңістің 79 жылдығына әскери шеру өткізу жоспарланып отырған жоқ.


Былтыр Қазақстан соғыс ардагерлеріне төленетін төлемдердің көлемі бойынша ТМД-ның барлық елін басып озған. Елімізде Жеңіс күніне орай әр ардагерге 1,5 миллион теңге көлемінде жәрдемақы берілді. Ресейде 10-нан 50 мың рубльге дейін (шамамен 50-250 мың теңге) төленді.


 


«1414» өтірік айта ма?



«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «1414» нөмірінен жіберілген хабарламаға қатысты түсінік берді. Мамандардың айтуынша, бұл нөмірден жіберілген хабарламалар жалған емес.


«1414» нөмірінен жіберілген хабарлама «eGov mobile» мобильді қосымшасына тіркелмеген пайдаланушыларға жіберіліп жатыр. «EGov Mobile» мобильді қосымшасы әртүрлі жағдайда жеке SMS және push-хабарламалар жібереді. Көрсетілген сілтемеге өтіп, «eGov mobile» мобильді қосымшасын орнатуға болады», - делінген хабарламада.


 


40 градус қырып барады



Таиландта аптап ыстықтан 30 адам қайтыс болған. ды. Бұл елдегі термометр бағаны сәуір айының басынан бері 40 градустан төмен түспеген. Синоптиктердің болжамынша, елдің орталық және солтүстік облыстарында жоғары температура осы аптаның соңына дейін сақталады. Тұрғындар мен туристерге ашық ауада ұзақ болмауға кеңес беріледі. Ыстықтан ең көп зардап шегетіндер – далада жұмыс істейтіндер мен баспанасыз адамдар.


 


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04