Елімізде 176 соғыс ардагері ғана қалған

Елімізде 176 соғыс ардагері ғана қалған Сурет: Egemen.kz




Биыл Ұлы жеңіске - 79 жыл.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 176 соғыс ардагері тұрады. Бір жыл бұрын елімізде 222 майдангер болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.










Соның ішінде:


Астанада – 7 адам;
Алматы қаласында – 44 адам;
Шымкентте – 2 адам;
Ақмола облысында – 6 адам;
Алматы облысында – 14 адам;
Абай ауданында – 4 адам;
Ақтөбе облысында – 1 адам;
Шығыс Қазақстан облысында – 14 адам;
Жамбыл облысында – 10 адам;
Жетісу облысында – 4 адам;
Батыс Қазақстан облысында – 13 адам;
Қарағанды ​​облысында – 11 адам;
Қостанай облысында – 16 адам;
Қызылорда облысында – 4 адам;
Маңғыстау облысында – 2 адам;
Павлодар облысында – 7 адам;
Солтүстік Қазақстан облысында – 4 адам;
Түркістан облысында – 11 адам тұрады.


Айта кетейік, биыл елімізде Жеңіс күніне арналған әскери шеру өткізу жоспарланып отырған жоқ. 


2023 жылы Қазақстан соғыс ардагерлеріне төленетін төлемдердің көлемі бойынша ТМД-ның барлық елін басып озды. Елімізде Жеңіс күніне орай әр ардагерге 1,5 миллион теңге көлемінде жәрдемақы берілді. Ресейде 10-нан 50 мың рубльге дейін (шамамен 50-250 мың теңге) төленді.





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04