Алматыда ШОБ көлемі 2022 жылы 30%-ға өсті

Алматыда ШОБ көлемі 2022 жылы 30%-ға өсті
Сурет: Almaty.tv

Қаламыздағы 343 мың субъектінің 277 мыңы ғана жұмыс істейді.

Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ұлттық палатаның міндеті – бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау, бизнес жұмысы үшін заңнамалық және басқа да реттеуші бастамаларды қалыптастыру үдерісіне кәсіпкерлерді кеңінен қамтуды және тартуды қамтамасыз ету.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай: «Қазақстанда бизнесті аймақтық қана емес, сонымен қатар жаһандық деңгейде дамыту үшін зор мүмкіндіктер бар». Біз үшін инвестицияны ұлғайту және бизнес ортаны жақсарту өте маңызды. Бұл бағытта жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Осы жұмыстың негізгі нәтижелерін айта кетейін.

«Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, тіркелген ШОК субъектілерінің саны бойынша Алматы көш бастап тұр. «Мегаполисте 343 мың субъекті болса, оның 277 мыңы ғана жұмыс істейді. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 30 пайызды құраған», - деді Айтуар Қошмамбетов.

ӨКҚ спикерінің айтуынша, жалпы 2022 жыл отандық бизнес үшін, әсіресе алматылық кәсіпкерлер үшін оңай болған жоқ. Алматыда жыл басында орын алған қаңтар оқиғасы ұмытылған жоқ, оның кәсіпкерлерге тигізген әсері әлі де бар.

«Жағдай қалыпқа келтірілгеннен кейін біз жедел желі ашып, бизнестің қалай және қандай көлемде зардап шеккені туралы ақпарат жинауды бастадық. 2000-нан астам қоңырау келіп түсті. Алматыда зардап шеккен 2 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі анықталды. Олардың есептеулері бойынша жалпы шығын көлемі 94,8 млрд теңгеден асқан», - деп жалғастырды А.Қошмамбетов.

Биылғы жылы «Атамекен» ҰКП бастамасымен Мемлекет басшысы жаппай тәртіпсіздіктер мен морадерліктен шағын және орта бизнеске келтірілген залалды өтеу бастамасын қолдап, нәтижесінде бизнес қауымдастықтың ұсыныстарын ескеретін механизм әзірленді.

Өтіп бара жатқан жылдың ішінде келтірілген залалды өтеу жөніндегі комиссияның 40 отырысы өткізіліп, «InfoKazakhstan» порталына түскен барлық өтініштер қаралды.

16 миллиард 189 миллион теңгеге 1640 өтінім қолдау тапты. Оның ішінде «Жаңа Алатау» қорынан – 1 294,8 млн теңгеге 636 өтініш, бюджет қаражаты есебінен – 14 млрд 894 млн теңгеге 1 004 өтініш.

Алматыда қаңтар оқиғасына байланысты зардап шеккен ШОБ субъектілеріне көмек көрсетуге дайын Еріктілер реестрі құрылды, 1000 адамға дейін аудиториясы бар «kushimiz_birlikte» Instagram парақшасы ашылды. Instagram желісіндегі «kushimiz_birlikte» парақшасы арқылы қаңтар оқиғасынан зардап шеккен ШОБ 9 кәсіпкерге көмек көрсетілді.

Жалпы алғанда, қаңтар оқиғасынан 67 ірі бизнес субъектісі зардап шекті, оның 62-сі Алматыға тиесілі.