Тұрақтылық бәрінен қымбат

Тұрақтылық  бәрінен қымбат
Сурет: Qmonitor.kz

Философия, саясаттану және дінтану институтының қабырғасында қазіргі Қазақстандағы конституциялық реформа және сайлау процесі мәселелеріне арналған ғылыми-практикалық конференция өтті.

Жиынға «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» ҚҚ басшысы, әлеуметтану ғылымының кандидаты Гүлмира Тоқшалыққызы, ИФПР саяси зерттеулер орталығының директоры, философия ғылымының кандидаты Айдар Молдашұлы, философия ғылымының докторы, профессор Серік Нұрмұратов, т.б. ғалымдар мен әлеуметтанушылар қатысып, алдағы саяси науқан алдында ой бөлісті.

«Қазақстанда 1989 жылдан 2022 жылға дейін өткен бірнеше сайлау науқандары мен референдумдардың тәжірибесі (1995 жылғы 29 сәуір, 30 тамыз, 2022 жылғы 5 маусым) елдегі сайлау процестерінің сайлау туралы заңнаманың ықпалымен ғана емес, сондай-ақ қалыптасқан саяси мәдениет нормаларымен, атап айтқанда саяси қатысу және сайлау мәдениеті секілді өзіндік ерекшеліктері бар екенін көрсетті», – дейді жиынға қатысқан мамандар.

Сайлау институтының Конституциялық құқықта көрініс тапқан және конституциялық реформалар процесінде ескеру қажет арнайы функциялары бар.