Адам өліміне әкелген автобус ісі бойынша сот болды

Адам өліміне әкелген автобус ісі бойынша сот болды
Сурет: ҚР Жоғарғы сотының телеграм каналы

Сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы мен жәбірленушілер сөз сөйледі.

Алматыда автобуспен адам өліміне әкелген ЖКО туралы іс бойынша сот отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бүгін онлайн-трансляция арқылы Д.Ахметжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.

Мемлекеттік айыптаушы соттан сотталушыны айыпталған іс-әрекетіне кінәлі деп тануды және оған қылмыстарының жиынтығы бойынша нақты 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сот отырысы 26 сәуірге, сағат 11:00-ге шегерілді.

Естеріңізге сала кетейік, сотталушы абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырған бұзақылық жасағаны және көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету ережелерін бұзғаны үшін айыпталуда.