Нұрислам пікір білдірді

Нұрислам пікір білдірді
Сурет: Іnform.kz

Отандасымыз Токио Олимпиадасы туралы ойымен бөлісті

Еркін күрестен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаев «Алтын самғау-2021» ұлттық спорттық жүлдесіне үміткерлер қатарында, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Балуанның айтуынша, үміткерлер санатына ену спортшыларды одан әрі жігерлендіре түседі. 

«Биылғы маусым спортшылар үшін қарбаласқа толы болды. Пандемияға байланысты бір жылға шегерілген Токио Олимпиадасы ұйымдастырылып, еліміздің намысын абыроймен қорғадық.

Әрбір спортшы үшін Олимпиададан жүлде алу - үлкен арман. Сол арманыма қол жеткізіп, жанкүйерлерді қуанту бақыты бұйырғанына тәубе деймін.

Біздің еңбегімізді елеп-ескеріп, жүлдеге үміткерлер тізіміне қосқан Ұлттық Олимпиадалық комитетке рахмет. Қарбаласқа толы маусымды жоғары нотада аяқтауға мүмкіндік бергені үшін алғысым зор», - деді ол.