Қазақстандықтарға тегін білім беретін елдің қатары көбейді

Қазақстандықтарға тегін білім беретін елдің қатары көбейді
Сурет: 24.kz

Қазақстандықтарға гранттарды Словакия, Әзірбайжан және Вьетнам елдері бөледі.

ҚР БҒМ бастамасымен жасалған үкіметаралық келісімдер шеңберінде қазақстандықтар тегін оқи алатын елдердің саны артты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, 2019 жылы білім беру саласындағы келісім аясында мемлекеттер саны 7 болса, 2021 жылы олардың қатары 10-ға дейін артты.

Мемлекеттердің қатарында Венгрия, Польша, ҚХР, Украина, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан бар. Өткен екі жылда мыңға жуық қазақстандық осы елдердің жетекші жоғары оқу орындарында тегін білім алды. Биыл қазақстандықтарға 500-ге жуық грант бөлінді. Үкіметаралық гранттар аясында қазақстандықтар бакалавриат, магистратура, докторантура, резидентура бағдарламалары бойынша оқи алады.