Жаңадан қосылған екі тұрғын үй бағдарламасының айырмашылығы неде?

Жаңадан қосылған екі тұрғын үй бағдарламасының айырмашылығы неде?
Сурет: almaty-akshamy.kz

Қазақстанда жаңадан екі тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Олардың айырмашылығы қандай? Баспана бағасына инфляция әсер ете ме? Бұл сауалдардың жауабын Public Policy Research Center үкіметтік емес талдау орталығының директоры Меруерт Махмұтовадан сұрап көрген едік. 

«Отау» жұмыс істейтін жастарға көбірек көңіл бөледі. «Отбасы банкінің» өтініші бойынша жыл сайын қарыздардың жартысынан көбі 35 жасқа дейінгі азаматтарға бөлінеді. «Наурыз» бағдарламасы азаматтардың әлеуметтік осал топтарына ыңғайландырылған», — деді Меруерт Махмұтова Kazinform тілшісіне пікірімен бөлісе отырып.

Сарапшының айтуынша, «Отау» және «Наурыз» ипотекалық тұрғын үй бағдарламаларының шарттары өте ұқсас. Дегенмен, олар халықтың әртүрлі топтарына арналған.

Сондай-ақ, спикер екі бағдарламаның да займ мөлшерлемесі инфляция деңгейінен төмен екенін және оның «Отбасы банкі» арқылы субсидияланатынын айтты.

Меруерт Махмұтованың пайымдауынша, жаңа мемлекеттік бағдарламаның іске қосылуы Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығына айтарлықтай әсер етпейді.

Өйткені елімізде жеңілдікті ипотека бойынша сатып алынған пәтерлердің үлесі аз. Бұған дейін „Отбасы“ банкінен «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасын іске қосқан соң, бірінші жылы 12 мыңға жуық қазақстандық баспаналы бола алатынын, ал 8 жыл ішінде 68 мың азамат пәтерлі болады деген мәлімдеме жасаған.

«Бұл бағдарламалар тұрғын үйсіз азаматтарға расымен көмектессе, бағдарламаның қалай аталатыны маңызды емес, бастысы жұмыс істегені», — деп толықтырды сарапшы.