Президент бірнеше лауазымды тұлғаларды тағайындады

Президент бірнеше лауазымды тұлғаларды тағайындады Сурет: ашық дереккөз

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап. 


Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет