Доллар арзандады

Доллар арзандады
Сурет: интернеттен

1,33 теңгеге төмендеді.

Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы  447,40 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 61,76 теңге (-0,06) болды.

Ұлттық банк еуроның бағамын 477,93 теңге, рубльді 4,76 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 447,9-449,5 теңгеге, еуро 478-482 теңгеге, ресей рублі 4,69-4,79 теңгеге сатылуда.

Ал 18 сәуірдегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.