"Өнегелі ұрпақ" науқаны: белсенді Алматы азаматтары зейнеткерлерге үйдің ауласын көркейтуге көмектесіп жатыр

"Өнегелі ұрпақ" науқаны: белсенді Алматы азаматтары зейнеткерлерге үйдің ауласын көркейтуге көмектесіп жатыр Cурет: Қайрат Қоныспаев

Бүгін Алматыда "Таза Қазақстан" республикалық акциясының "Өнегелі ұрпақ" апталығы аясында еріктілер, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер және туған өлкесіне бей-жай қарамайтын белсенді қала тұрғындары зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысы мен еңбек майданының ардагерлеріне үйлерінің аулаларын тазалап, көркейтуге көмектесіп жатыр. Сонымен қатар бүгін тұрмыстық қоқысты сұрыптау, қауіпті қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату бойынша эко-жобалар іске асырылуда.


Игі іс атқарылған мекен-жайлардың бірі – Каримов көшесі 187а. Белсенділер осы мекен-жайда тұратын мүмкіндігі шектеулі зейнеткер Шолпан Нұрмағамбетоваға көмектесті, аялуы ананың батасын алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.




«Қаланың Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының желісі бойынша бұл мекен-жай таңдалды, себебі мұнда мүмкіндігі шектеулі зейнеткер тұрады. Біздің ведомствоның сегіз адамы бүгін игі іске атсалысып, алматылықтарға осы бастамамен үлгі көрсеткісі келеді. Бұл игі іс бір реттік болмайтынына және өзінің лайықты жалғасын табатынына сенімдімін», - деп атап өтті Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Абылай Төлегенов.



Зейнеткердің үйіне келген белсенділер аула қоршауын бояп қана қоймай, үй аумағындағы қоқыстарды, арамшөптерді шығаруға көмектесті.



«Мен көрсетілген көмекке алғысымды білдіремін. Жақында маған ота жасалып, мұндай жұмысқа күшім болмап еді. Бірақ көктемде аулада істейтін жұмыс көп», - дейді Шолпан Нұрмағамбетова.



Жалпы мегаполисте науқан басталғаннан бері қала тұрғындарына әртүрлі түстегі 2,4 мың литр бояу тегін таратылды. Қала тұрғындары алынған лак-бояу материалдарын өз аулаларындағы орындықтарды, сондай-ақ жеке үйлердегі қоршаулар мен қақпаларды жақсарту үшін пайдаланды.


Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда "Алматы-біздің ортақ үйіміз"науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы үлес қоса алады. Барлық ақпарат almaty.kz сайтында және Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Сондай-ақ, веб-сайтқа қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және плакаттарда арнайы QR-код арқылы кіруге болады.


 


 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04