Алматылық еріктілер зейнеткердің ауласын тазартты

Алматылық еріктілер зейнеткердің ауласын тазартты Сурет: Қайрат Қоныспаев

Республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясының “Өнегелі ұрпақ” компаниясы аясында еріктілер зейнеткердің ауласын тазартып, қақпасын бояды.


Бүгін Алматыда "Таза Қазақстан" республикалық акциясының "Өнегелі ұрпақ" апталығы аясында еріктілер зейнеткердің ауласын тазартып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.


Еріктілердің мақсаты – Президенттің бастамасына қолдау көрсете отырып, өзге де тұрғындарды тазалық акциясына атсалысуға шақыру, қарттарға қамқорлық, құрмет көрсету. Осы ретте еріктілер қолдарына күректерін ұстап, жеміс ағаштарын егіп, қарияның бақшасын тазалап берді. Осындай көмек көрстеліген қариялардың бірі Панна Кербс есімді зейнеткер. Ол кісі Қарасу ықшам ауданындағы Мичурин 41/3 мекен-жайының тұрғыны.


- Мұндай игі іс жасау біздің зейнеткерлерге деген сыйластығымыздың белгісі. Осындай тазалық шараларының көп болып жатқаны қуантады. Біз әрдайым қарттарға көмектесуге дайынбыз. Әрі мұны, азаматтық парызымыз деп ойлаймын. Сондықтан, барлығымыз бір жұдырықтай жұмылғанымыз дұрыс, - деді зейнеткердің ауласын тазалауға келген Алматы қаласы Жұмыспен қамту бағдарламалар басқармасының “Қамқор” әлеуметтік орталығының шаруашалық меңгерушісі Кенесжан Омарханұлы.


Өз кезегінде белсенді еріктілер қарияларға көмек көрсету өскелең ұрпақтың парызы екенін атап өтіп, осындай ізгілікті істер өзге де қалаларда ұйымдастырылса деген тілегін де жеткізді.


- Көптен бері тазалауға шамам болмай жүрген. Ауламды тазлауға келген мейрімді жандарға алғысым шексіз. Барлығы белсене атсалысып жатқанына өте қуаныштымын. Әрдайым, осылай жақсылық жасап жарысып жүрейік, - деді зейнеткер Панна Кербс.


Айта кетейік, Алатау ауданы, «Қарасу» ықшам ауданында тұратын зейнеткердің ауласын тазарту Республикалық акция аясында өткізіліп жатыр. Осы ретте зейнеткер жастармен сұхбат құрып, өзінің естеліктерімен бөлісті. Апалық ақылын айтып, батасын берді. Сондай-ақ экоакцияның жүйелі өткізілуін қолдайтынын жеткізді.


Жалпы тазалық акциясы басталғалы қалада жасыл желек аумағы ұлғайып, шаһар аумағы гүлдермен және ағаштармен толықты.


Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда "Алматы-біздің ортақ үйіміз"науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы үлес қоса алады. Барлық ақпарат almaty.kz сайтында және Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Сондай-ақ, веб-сайтқа қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және плакаттарда арнайы QR-код арқылы кіруге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:13

12:47

12:40

12:31

12:19

12:10

11:47

11:30

10:57

10:06

09:34

09:07

08:48

08:01

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42