Денесінің 40 пайызын күйік шалған ер адамды алматылық дәрігерлер емдеп жазды

Денесінің 40 пайызын күйік шалған ер адамды алматылық дәрігерлер емдеп жазды
Сурет:интернеттен

Аурухана қызметкерлері науқастың өмірі үшін 2,5 ай күресті.

Көлігінің жанармай сүзгісін өз бетінше ауыстырып жатқан ер адамның үстіне бензин төгіліп, өрт шығып, оны күйік шалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  

Оқиға биылғы жылдың қыркүйек айында болған.

«Бұл 26 қыркүйекте болды. Мен көлікті жөндеп жатқанда, аяғым жанып кетті. Мен аласұрып аулада жүгірдім, жерде домалауға тырыстым, бірақ бензин үстімде жалындап жатты. Мен жалынды сөндіре алмадым», - дейді Ринат Ильмиев.

Елдегі ең ірі күйік орталығы № 4 қалалық клиникалық ауруханада орналасқан.

Аурухана баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам клиниканың қабылдау бөліміне жеткізіліп, бірден анестезиология, реанимация, қарқынды терапия бөлімшесі (АРҚТБ) жатқызылды.

«Науқас ауыр халде түсті. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, клиникалық-зертханалық және аспаптық тексерулер, мультидисциплинарлық тексерулер жүргізілгеннен кейін оң білектің, алдыңғы іш қабырғасының, аяқ-қолының, бөксенің термиялық күйігі s=40%/I-II-IIIa-ІІІб дәрежесі диагнозы қойылды. Септикотоксемия сатысындағы күйік ауруы. Дене бетінің 40% термиялық күйігі. Қажетті медициналық көмек көрсетілді», - деді емдеуші дәрігер Диас Дәулетбаев.

Аурухана қызметкерлері науқастың өмірі үшін 2,5 ай күресті. Құрамында комбустиологтар мен реаниматологтар бар жоғары білікті дәрігерлер тобы бес хирургиялық операция жасады, олардың үшеуі тері трансплантациясы бойынша. Бүгін таңда ер адам жағдайы жақсарып, ауруханадан шығарылды.