Бүгінгі ауа райы болжамы

Бүгінгі ауа райы болжамы
Сурет: Almaty.tv

Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанды.

Қазгидромет 7 желтоқсанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Атмосфералық фронталды бөліктер ҚР басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райын сақтайды – көбінесе қар түріндегі жауын-шашын жауады, солтүстік пен шығыста желдің күшеюі жаяу бұрқасын күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, батысы мен шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, түнде Ақтөбе облысының солтүстік жартысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Атырау облысының батысы, шығысы мен орталығында, Маңғыстау облысының басым бөлігінде тұман күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман, оңтүстігінде түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман, шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі, түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, солтүстік-батысында желдің 18 м/с күшеюі күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, солтүстік жартысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында және тау бөктерінде тұман, күндіз оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.