"Өнегелі ұрпақ" науқаны: Алматыда “Жақыныңа жәрдем бер” акциясы өтіп жатыр

"Өнегелі ұрпақ" науқаны:  Алматыда “Жақыныңа жәрдем бер” акциясы өтіп жатыр Сурет: Қайрат Қоныспаев

Науқан аясында қала тұрғындары мен еріктілер ардагерлер мен зейнеткерлердің ауласын жинап, қариялардың алғысын алды. 30-ға жуық ерікті Наурызбай ауданы “Таусамалы” ықшамауданындағы Каменское, 34 мекенжайында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері  Леонид Подколзиннің үйіне барды.


Наурызбай ауданындағы жалғыз соғыс ардагерінің жасы 98-те. Ардагердің күйеу баласы  еріктілерге алғысын білдіріп, игі істеріне сәттілік тіледі.


“Наурызбай ауданының ерікті жастары “Алматы – біздің ортақ үйіміз” іс-шарасы аясында ардагер атамызға көмектесуге келдік. Отанымызды қорғаған батыр тұлғаға шексіз алғыс білдіреміз. Үлкен кісілердің жүзіндегі қуаныш біздің жүрегімізге де жылу беріп, ерекше күш сыйлайды”, - дейді №188 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы, ерікті Марғұлан Әмірбек.



“Алматы - біздің ортақ үйіміз” науқаны аясында аудан бойынша 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Жөндеу жұмыстарынан бастап, саябақтарды тазаладық. 8 сәуірден 8 мамырға дейін  102 мекенжайға барып, үйлердің ауласын тазалап, өзге де жұмыстарды істеуіміз керек. Бірақ 3 тұрғын көмектен бас тартты. Қалған 99 үйге көмектесеміз. Еріктілердің көбі -  аудан мектептерінің оқушылары. Кейбір жағдайы нашар отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Тек осы науқанмен шектеліп қалмай, жазғы демалыс кезінде де  көмектесеміз. Ауданымыздың ерікті жастары жақсылық жасауға құлшынып тұрады”, - деді Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Мирас Нұрланұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59

13:09