Күрес түрлерінен лицензиялық турнирдің жарыс кестесі жарияланды

Күрес түрлерінен лицензиялық турнирдің жарыс кестесі жарияланды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтетін лицензиялық турнирдің жарыс кестесі жарияланды.

Нақтырақ айтсақ, Бішкекте еркін, әйелдер және грек-рим күресінен балуандар Париж Олимпиадасының жолдамаларын сарапқа салады.

19 сәуір

Еркін күрес: 57, 65, 74, 86, 97, 125 келі

09:30- күндізгі сессия

17:00 - финалдық кезең

20 сәуір

Әйелдер күресі: 50, 53, 57, 62, 68, 76 келі

09:30- күндізгі сессия

17:00 - финалдық кезең

21 сәуір

Грек-рим күресі: 60, 67, 77, 87, 97, 130 келі

09:30- күндізгі сессия

17:00 - финалдық кезең

Айта кетейік, күрестің үш түрінен 18 салмақ дәрежесінде 36 лицензия сарапқа салынады. Яғни Олимпиада жолдамасына ие болу үшін балуан турнирдің финалына шығуы тиіс.