Шетел валюталарын сатып алу-сату 59%-ға өскен

Шетел валюталарын сатып алу-сату 59%-ға өскен
Сурет: ашық дереккөз

Ұлттың банктің мәліметіне сүйенсек, қазанда еліміздің валюта айырбастау пункттерінде қолма-қол валютаны сатып алу-сату 59%-ға өскен.

Нақты дәлелдер келтірер болсақ, қыркүйекпен салыстырсақ, АҚШ долларын сату-сатып алу 1,7 есеге өскені байқалады. Қазақстандықтардың қолма-қол валютаны сатып алу - сату көлемі 194,2 млрд теңгеге дейін артқан. Ал қолма-қол еуро 17%-ға өсіп, 194,2 млрд теңгеге артыпты. Юань саудасы екі есе артып, 270 млн теңгеге дейін көбейген. Бас банктің есебінше, британ фунтын сатып алу-сату 1,9 есеге қысқарып, 300 млн теңге болған. Ресейдің қолма-қол рублін айырбастау пункттері тек сатып алып отырған. 6,1 млрд теңгенің рублі сатып алыныпты. Өткен жылы желтоқсанда қазақстандықтар 264 млрд теңгенің валютасын сатып алыпты. Бұдан еліміздің айырбастау пункттерінің саудасы қызып тұрғанын көреміз.