Алматыны лай басқан күн

Алматыны лай басқан күн
Сурет: Almaty-akshamy.kz коллажы

Бүгінгі күн Алматы шаһары үшін қайғылы жаңалықпен басталды. Осы және басқа да Almaty-akshamy.kz лентасында жарық көрген жаңалықтарға шолу – күн керуені

Лайдан болды ажалы

Бүгін Алматының таңы күңіреніп атты. Ай мен Күннің аманында бір үйлі отбасы лай көшкінінің астында қалып, опат болды. Қала басшысы Ерболат Досаев лай көшкініне байланысты көшпелі кеңес өткізді.

«Басты басымдық - іздеу-құтқару жұмыстары. Алдын ала ақпарат бойынша үйде тұратын адамдарды іздеу бойынша барлық жұмылдыру топтарының жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету қажет», - деді Ерболат Досаев.

Табиғи апат Медеу ауданының «Тау Самалы» шағын ауданындағы Олимпийская көшесі бойында техногендік сипаттағы топырақтың лайлануы салдарынан болған.

Лай көшкінінен екі тұрғын үй зақымданды

Зардап шеккен үйде төрт адам болған, екеуі бала. Оқиға орнында "Қазсселденқорғау" ММ, Алматы қаласы "109 құтқару қызметі" Республикалық жедел-құтқару жасағы, Алматы қаласы ТЖД, жедел жәрдем бригадасы, Медеу ауданы әкімдігінен 160 адам және 30 бірлік техника жұмыс істеді.

Шаһар басшысының шарапаты

Ерболат Досаев лай көшкіні салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына  көңіл айтты. Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша отбасының барлық мүшелерін жерлеуді ұйымдастыру үшін көмек көрсетіледі. Опат болған отбасының шетелде оқитын  үлкен ұлына білім алуға және елімізге келген соң өмір сүруіне материалдық қолдау көрсетілетін болады.

Еурохаттама іске қосылды

Ол ұсақ жол-көлік оқиғаларын “жеңілдетілген тіркеуді” жүзеге асыру аясында жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін жасалған.

Еурохаттама” арнайы мобильді қосымшасы арқылы қолданушылар сақтандыру ұйымына онлайн өтініш бере алады, биометриялық сәйкестендіруден өтіп, цифрлық құжаттарды, фото және бейнематериалдарды қоса алады, соның негізінде сақтандыру ұйымдар жәбірленушінің банктік шотына төлем жасайды. Бұл процедура жол-көлік оқиғасына қатысушылардың саны 2-ден аспаса, келтірілген залал мөлшері 100 АЕК-тен аспаса, үшінші тұлғалардың денсаулығы мен мүлкіне зияны болмаса, екі қатысушының да автокөлікті міндетті сақтандыру полисі болса, осы тәртіпті қолдануға болады. Сондай-ақ екі жақтың келісімімен, біреуі кінәсін мойындаған жағдайда. Өз кезегінде бұл тәртіпті пайдаланған тұлғалар ЖКО жасағаны үшін әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Әлиевтің  әділ жеңді ме?

7 ақпанда Әзірбайжанда Президент сайлауы өтті. Сайлауда Ильхам Әлиевтің жеңіске жететініне ешкім күмән келтірмеген. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала есебі бойынша Әлиев 92,1% дауыс жинаған. Сайлаудың соңғы қорытындысы шықпағанның өзінде қазіргі президенттің жеңіске жететіні бәріне белгілі.

Ильхам Әлиев қалай жеңіске жетті? Оған Таулы Қарабақты елге қайтару саясаты әсер етті. Себебі тарихи әділдікті қалпына келтіру, халықтың сана-сезімін ояту сияқты әрекеттер ғана қатарынан бесінші рет жеңіске жетуге мүмкіндік береді.

Тоқаев телефон шалды

Қазақстан мен Әзербайжан президенттері телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасының Президенті лауазымына кезектен тыс өткен сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің әзербайжан халқының игілігі мен дамуы үшін қолға алған барлық жоспарының табысты орындалуына тілектестік білдірді.

Қорғайды десе қорлай ма?

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынған Талдықорған полиция басқармасының бастығына қатысты қозғалған іс бойынша пікір білдірді. Енді полициядағы орта жастағы басшылар жаппай тексеріледі.

«Жеке құрам арасында тәртіпті күшейту шаралары үнемі қолданылып келеді. Соның бірі – аттестация. Жеке құраммен жұмыс істеуге бірінші кезекте жауапты орта буын басшыларын тексеріп, аттестациядан өткізіп, талапқа сай келмейтіндерін шығарамыз. Егер полицейлер заңсыз әрекеттерге барып жатса, онда өзіндік қауіпсіздік қызметі мен кадрлық бөлімшелер қызметкерлері осы адамдарды ертерек анықтамағаны үшін жауап береді», - деді министрдің орынбасары.

Төрт сағаттық тест

Бұған қоса ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін қосымша 40 минут уақыт беріледі.

«Тестілеу кезінде талапкерлерге бірнеше үзіліс беріледі. Тестілеудің 60 минуты өткеннен кейін 2 минут, 120 минуттан кейін 3 минут және 180 минуттан кейін 3 минут көлемінде үзіліс беріледі. Бұл уақытта тестке қатысушылар жаттығу жасап, су ішіп, өздерімен бірге алып келген шоколадты жей алады», - деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.