13 өңірде ескерту жасалды

13 өңірде ескерту жасалды
Сурет: gov.kz

Бүгін  республиканың біраз өңірінде ауа райы қолайсыз.

Синоптиктер 13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады Almaty-akshamy.kz

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, кей уақытта екпіні 24 м/с, күндіз оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі.

Түркістан облысының тауларында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының түнде батысында, солтүстігінде, шығысында қар, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар). 09 ақпанда облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, 10 ақпанда облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 09-10 ақпанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с.