Елімізде 66 жол жабылды

Елімізде 66 жол жабылды
Сурет: Almaty tv

11 облыста жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Қазақстанда республикалық маңызы бар 66 жол жабылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 66 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Ақмола облысында – 18 учаске;

Ақтөбе облысында – 11 учаске;

Алматы облысында – 1 учаске;

Жетісу облысында – 1 учаске;

Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске;

Қарағанды облысында – 9 учаске;

Қостанай облысында – 9 учаске;

Қызылорда облысында – 1 учаске;

Павлодар облысында - 6 учаске;

Солтүстік Қазақстан облысында – 6 учаске;

Ұлытау облысында – 3 учаске.

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 607 бірлік техника және 1122 жолшы жұмылдырылды.