Ақтөбеде қоқыс полигонынан шақалақ табылды

Ақтөбеде қоқыс полигонынан шақалақ табылды Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданында қоқыс полигонынан пакетке салынған шақалақ табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.






Оқиға 23 қазан күні тіркелген. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарғалы ауданы полициясының кезекші бөліміне Қарғалы ауданы Бадамша ауылы маңындағы «Рождество-Дөң» тас жолының бойында орналасқан қоқыс полигонынан қара полиэтилен пакетте шақалақтың денесі табылғаны анықталды.



«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабы, яғни «Анасы жаңа туған нәрестені өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, баланың анасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.








Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12