Димаш Құдайбергеннің жаңа әні шыққалы жатыр

Димаш Құдайбергеннің жаңа әні шыққалы жатыр
Сурет: Almaty.tv

Жаңа ән тыңдарман назарына 5 наурыз күні ұсынылатын болады.

Көктемнің алғашқы күндерінде Ресейде Димаш Құдайбергеннің жаңа әні мен клипі шығады. Бұл туралы әлеуметтік желіде танымал композитор Игорь Крутой жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Димаштың орындауындағы Игорь Николаев екеуміз жазған әннің премьерасы жақындап келеді! Аранжировка жасалып, вокал жазылды. Клипті Санкт-Петербургте бізбен алғаш рет жұмыс істейтін жас, талантты және нәзік режиссер Алина Верпя түсірді... Наурызда көресіздер», - деп жазды композитор Игорь Крутой.

Әзірге атақты композитор «О’кей» атты жаңа әнін жазған студиядағы кадрлармен бөліскен.  Оның айтуынша, әннің тұсау кесері «Россия1» телеарнасында YouTube-тегі Димаш арнасында, сонымен қатар MUZ-TV, Music Box және басқа арналар мен платформаларда көрсетілетін болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Игорь Крутой (@igorkrutoy65)