Бүгін футболдан ел біріншілігінің жетінші туры басталады

Бүгін футболдан ел біріншілігінің жетінші туры басталады Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Бүгін, 4 мамырда футболдан Қазақстан Премьер-лигасының жетінші туры басталады.



Алдымен 14:00–де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Тұран» (Түркістан), «Жеңіс» (Астана) мен «Елімай» (Семей) шеберлік сынасады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Ал 16:30-дa «Қайрат» (Алматы) мен «Атырау», «Тобыл» (Қостанай) мен «Жетісу» (Талдықорған) ойнаса, 19.00-де «Ақтөбе» мен «Астана» жасыл алаңға шығады.


Аталған турды 5 мамырда 19:00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Қайсар» (Қызылорда) түйіндейді.


Бұл турдың ойындарын «Qazsport», «Q Football», «Q Arena» телеарналары мен QFL.KZ сайтында тамашалауға болады. 


Айта кетсек, алты турдан кейін 10 ұпаймен «Ақтөбе», «Астана» мен «Жетісу» көш басында келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20