Лай көшкіні салдарынан екі жеке тұрғын үй зақымданды

Лай көшкіні салдарынан екі жеке тұрғын үй зақымданды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Медеу ауданындағы лай көшкіні салдарынан екі жеке тұрғын үй, олардың бірі жартылай зақымданды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Алматы қаласы ТЖД-не сілтеме жасап.

Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккен үйде төрт адам болған, екеуі бала. Оқиға орнында "Қазсселденқорғау" ММ, Алматы қаласы "109 құтқару қызметі" Республикалық жедел-құтқару жасағы, Алматы қаласы ТЖД, жедел жәрдем бригадасы, Медеу ауданы әкімдігінен 160 адам және 30 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.

Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары №47 орта мектепте эвакуацияланды. Тұрғындар өз еріктерімен туыстарының үйіне кетті.

Медициналық топ кезекшілікте, зардап шеккендерді іздеу жалғасуда.

Еске салайық, 8 ақпан 02-20 сағат ішінде "Тау Самалы" Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні жүрді.

Атап өтсек, лай - тереңдігі метрге дейінгі жұқа топырақ қабатының жолағы, ауырлық күшінің әсерінен еріген жаңбырмен немесе  жер асты суларымен қаныққандықтан баурайдан төмен қарай лай тәріздес күйге ауысады.

Ақпарат толықтырылады. Тек ресми деректерге сенулеріңізді сұраймыз.