Илон Маск Twitter-ге жаңа басшы іздеп жатыр

Илон Маск Twitter-ге жаңа басшы іздеп жатыр
Сурет: Rand.org

Ұйымды түбегейлі қайта құру жұмыстары жүргізілетінін болады.

Twitter әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск Tesla компаниясының бас директоры ретінде өзінің ықтимал мұрагерін таңдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.

Кәсіпкер әлеуметтік желіде ұйымды түбегейлі қайта құру жұмыстары жүргізілетінін айтты.

«Мен компаниядағы жұмыс уақытымды қысқартып, Twitter-ді басқаратын жаңа басшы табамын», - деді И.Маск.

Сондай-ақ ол Twitter-ге енгізілетін жаңа «қатаң» өзгерістер келесі аптаның соңына дейін жүргізілетінін айтты. Қызметкерлер аталған өзгерістерді қабылдап немесе компаниядан кету туралы шешім қабылдау керек. Сонымен қатар қызметкерлер өз орындарында қалу үшін міндеттемеге қол қоюы қажет.

Кейінірек компания қызметкерлері «Егер сіз жаңа Twitter-дің бір бөлігі болғыңыз келетініне сенімді болсаңыз, төмендегі сілтемеге «Иә» түймесін басыңыз» деген хабарлама алды.

Сонымен қатар хатта қызметкерлер 17 қарашаға дейін өтінішке қол қоймаса, олар үш айлық жұмыстан шығу жәрдемақысын алатыны жазылған.

Tesla басқарма мүшесі Джеймс Мердоктың айтуынша, бас директор Илон Маск соңғы бірнеше айда біреуді әлеуетті мұрагер ретінде анықтаған, алайда Маск оның кім екенін айтпады.